Ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері

Авторлар

  • Kamilla Tleubekova SDU University Author

DOI:

https://doi.org/10.47344/16pmbt11

Кілт сөздер:

ақпараттық-коммуникациялық технология, ақпараттандыру, байланыс, әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жаза, құқық бұзушылық, әкімшілік іс жүргізу, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік.

Аңдатпа

Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты, ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мәселелері мен әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері, осы саладағы құқықтық реттеудің күрделенуіне байланысты өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің статистикалық деректері, ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар саны елімізде жыл сайын өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл заңнамалық база мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерге назар аударуды, құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктерін ескеру тұсында өзекті.

Мақаланың мақсаты-ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мен істер бойынша әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктерін зерделеу болып табылады. Мақаланың нәтижесінде ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаудың теориялық мәселелері мен әкімшілік іс жүргізудегі уәкілетті органдардың қызметі мәселесі талданып, құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын әкімшілік жаза шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles