Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруда талап-арыз жұмысынан туындайтын мәселелер.Соттылық.

Авторлар

  • Утегулов Б.У. SDU University Author

DOI:

https://doi.org/10.47344/fk26a932

Кілт сөздер:

жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау, уәкілетті орган, соттылық, азаматтық сот, әкімшілік сот, құзыреттілік

Аңдатпа

Мақала аясында жер ресурстарын басқарудың және жер қатынастарының реттеуінің негізгі құралдарының бірі болып табылатын жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруда туындайтын мәселелер қарастырылады. Жалпы, жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (әрі қарай – Уәкілетті орган) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы жер заңнамаларының сақталуын, азаматтармен жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етеді. Уәкілетті органға жер қатынастардағы шығарылған заңсыз шешімдердің, оның ішінде жер учаскелерін жалдау және сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талаптардың күшін жою туралы сотқа талап қою құқығын беру, атап айтқанда, жерді ұтымды пайдалануды және қорғауды, топырақтың құнарлылығын молайтуды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз етеді, жер заңнамасының міндеттері мен қағидаттарына жауап береді. Алайда, қазіргі таңда әкімшілік және азаматтық сот органдары жер саласындағы заңсыз шешімдердің күшін жою туралы талап қою өз өндірістерінде соттылықтың дұрыс таңдалмауы уәжімен қайтаруда. Осыған орай, Уәкілетті орган өзіне жүктелген міндеттерді толыққанды жүзеге асыра алмай жатыр. Автордың зерттеу жұмысы Уәкілетті органның талап қоюы қаралуы  тиіс сот нысанын анықтауға бағытталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Заңгер