Маркетплейстер арқылы контрафактілік өнімдерді сату: Қазақстан Республикасындағы реттеу олқылықтары мен халықаралық тәжірибе

Авторлар

  • Ангелина Тарасова Anticounterfeit non-profit organization React, Legal Counsel - Central Asia Author
  • Улан Шинкентаев SDU University Author

DOI:

https://doi.org/10.47344/pyrgyq04

Кілт сөздер:

маркетплейс, контрафактілік өнімдер, жалған тауарлар, электрондық коммерция

Аңдатпа

Электрондық коммерцияның қарқынды дамуы жағдайында маркетплейстер тауарларды, оның ішінде контрафактілік өнімдерді өткізу үшін негізгі алаңдарға айналуда. Қазақстан Республикасында онлайн-платформалар арқылы жалған тауарларды сату мәселесі құқықтық тетіктердің жеткіліксіздігі мен маркетплейстердің жауапкершілігінің шектеулілігіне байланысты ушығып отыр. Мақалада Қазақстан Республикасындағы электрондық сауданы реттеудің қазіргі жағдайы контрафакцияға қарсы күреске баса назар аудара отырып талданады. Заңнамадағы негізгі олқылықтар анықталды, олардың ішінде маркетплейстердің орналастырылатын контент үшін жауапкершілігін нақты айқындайтын нормалардың болмауы және бақылаушы органдардың өкілеттіктерінің шектеулілігі атап өтілді. Тиімді қарсы шараларды әзірлеу үшін халықаралық тәжірибе зерделенді, атап айтқанда, Еуропалық Одақ, АҚШ және Қытайдың құқықтық тәсілдері қарастырылды. «Белсенді платформа қағидасы», контентті алдын ала модерациялау механизмдері, құқық иеленушілермен міндетті ынтымақтастық және тауарлардың шығу тегін бақылауға арналған цифрлық технологияларды қолдану сияқты құралдар талданды. Талдау нәтижелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру және цифрлық саудадағы контрафактілік өнімдерге қарсы күрестің кешенді тәсілін енгізу жөнінде ұсыныстар берілді.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles