Орталық Азия мемлекеттеріндегі неке және отбасы заңнамасының бүгінгі хал-ахуалы: кемелдендіру мүмкіндіктері
DOI:
https://doi.org/10.47344/kgt93455Кілт сөздер:
неке, отбасы, суррогат аналық, некеге тұрушыларды міндетті медициналық ексеру, сот практикасы.Аңдатпа
Мақалада автор Орталық Азия елдеріндегі неке және отбасы заңнамасының бүгінгі хал-ахуалына талдау жүргізеді. Конституциялық Сот байламдарының отбасы құқығын дамутыудағы маңызы көрсетіліп, Орталық Азия елдеріндегі Конституциялық Соттардың тәжірибесін зерттеу ұсынылған. Орталық Азия елдеріндегі неке және отбасы заңнамасының ұқсастығы жайлы байлам жасалған. Дегенмен бірқатар бағыттар бойынша Орталық Азия елдерінде әралуан құқықтық реттеудің барлығы да мәлім болды. Мысалы, суррогат аналықтың құқықтық реттелуі. Бұл сауал бойынша аймақтағы елдердің заң шығарушылары бір-біріне кереғар ұстанымда: Қазақстан және Қырғызстанда суррогат аналыққа рұқсат етілсе, Өзбекстан мен Тәжікстан заң шығарушылары бейтарап позиция қалуда, ал Түркіменстан заң шығарушысы бұл конструкцияны адам саудасына теңестіреді. Суррогат аналыққа қатысты отандық сот практикасынан мысалдар келтірілген. Отандық соттарда қарастырылған жекелеген даулардың негізінде және шетелдік тәжірибені талдау нәтижесінде «суррогат аналық» айналасындағы жағдайдың анау айтқандай қарапайым еместігі жайлы байлам жасалды. Аймақ елдеріндегі заң шығарушылардың ұстанымы қабыспаған келесі бір сауал, бұл некеге тұрушыларды медициналық тексеруден өткеру мәселесі болды. Өзбекстан және Тәжікстан заң шығарушылары некеге тұрушыларға нәтижесі хабарланатын тегін міндетті медициналық тексеруді енгізген. Ал Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан заң шығарушылары болса, бұл сауалды некеге тұрушылардың еріктеріне қалдырған.