Қылмыстық жолмен табылған цифрлық активтерді айыптау үкімінсіз тәркілеуде туындайтын құқықтық мәселелер
DOI:
https://doi.org/10.47344/cmay9446Кілт сөздер:
цифрлық активтер, Binance Kazakhstan, цифрлық активтер биржасы, криптовалюта, криптоәмиян, Non-conviction based confiscationАңдатпа
Мақалада қылмыстық жолмен табылған цифрлық активтерге (криптовалюта, токен, NFT (Non‑fungible token) және өзге де электрондық-цифрлық құқықтар) қатысты мүлікті тәркілеу мәселесі қарастырылады. Цифрлық активтер – экономика дамуының, қауіпсіздік пен ашықтықтың, инвестицияның, қаржылық демократияның символы болып табылады. Мақалада цифрлық активтердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудағы рөлі талданады. Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын The Financial Action Task Force (FATF) халықаралық стандарттары талданады. Қазіргі кездегі өзекті құқықтық мәселелердің бірі цифрлық активтерді тәркілеу механизмін құру болып табылады. Мақалада аталған механизмді құрудың маңыздылығы көрсетіледі. Тәжірибедегі мысалдар және кейстер, сонымен қатар шетел мемлекеттерінің үлгілері сараланып, оларды Қазақстан Республикасында қолданудың тиімділігі талданады. Тәркілеу механизмінен кейінгі цифрлық активтердің сақталуы және одан әрі тиімді қолданылу процесіне құқықтық саралау жүргізіледі. Тәркіленген цифрлық активтердің Binance Kazakhstan цифрлық активтер биржасында сақталуының және құқық қорғау органдарының криптобиржаларда криптоәмиян пайдалануының тиімділігі және заңдылығы талданады. Мақалада тәркіленген цифрлық активтерді қауіпсіз сақтаудың маңыздылығы, сақталған цифрлық активтер туралы ақпараттардың ашықтығы әрі мемлекетте тәркіленген цифрлық активтерге деген толық бақылау функциясының пайда болуын реттейтін механизмдерді құру мәселелері түсіндірілген. Мақалада соттың айыптау үкімінсіз тәркілеу (non-conviction based confiscation) институтын қолданудың Қазақстан Республикасы үшін маңызы анықталады. Айыптау үкімінсіз мүлікті тәркілеу институтының кінәсіздік презумпциясының және меншік құқығының бұзылмауына сәйкестігіне құқықтық баға беріледі.