Қазақстан Республикасында атқарушылық іс-жүргізу шеңберінде борышкердің жылжымайтын мүлкінен ақы өндіріп алу мәселесі

Авторлар

  • Әсел Жұмабаева SDU University Author

DOI:

https://doi.org/10.47344/6f51d567

Кілт сөздер:

Атқарушылық іс-жүргізу, борышкер, мүлік, ақы өндіру, заңнама, сот тәжірибесі, Қазақстан.

Аңдатпа

Аталмыш мақала атқарушылық өндіріс аясында борышкер мүлкінен ақы өндіріп алудың сот 
практикасындағы ерекшеліктеріне арналған. Сот актілерін орындату жүйесінде борышкердің мүлкін 
анықтау, тәркілеу және сату арқылы кредитордың талаптарын қанағаттандыру маңызды кезеңдер 
болып табылады. Мақалада борышкер мүлкін анықтаудың әртүрлі әдістері, соның ішінде банк 
шоттарын тексеру, жылжымайтын және жылжымалы мүліктерді іздестіру, сондай-ақ жалғыз баспанадан ақы өндіріп алу мүмкіндіктері қарастырылады. Мүлікті тәркілеу барысында заңнамада белгіленген рәсімдердің сақталуы, оның ішінде тәркілеу актісін жасау, мүлікті бағалау және оны сақтау шарттарына ерекше назар аударылады. Мақалада сонымен қатар Қазақстан Республикасында борышкердің жалғыз тұрғын үйінен өндіріп алу мәселесінің құқықтық реттелуі талданады. Зерттеудің мақсаты –атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы мен кредитордың мүліктік мүдделері арасындағы теңгерімді анықтау. Зерттеу барысында нормативтік құқықтық, салыстырмалы-құқықтық және сот практикасын талдау әдістері қолданылды. 2019–2024 жылдар аралығындағы сот актілеріне эмпирикалық талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері Қазақстан заңнамасында атқарушылық иммунитет институтының нақты бекітілмегенін және пропорционалдылық қағидатының біркелкі қолданылмайтынын көрсетті. Автор заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар береді. 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles