Қазақстандағы және шетелдік практикадағы моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау әдістерін салыстырмалы-құқықтық талдау
DOI:
https://doi.org/10.47344/acbgfy03Кілт сөздер:
моральдық зиянды отеу, Азаматтық құқық, сот практикасы, шетелдік тәжірибе, құқықтық реттеуАңдатпа
Макалада Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында және шетел мемлекеттерінде моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау әдістеріне салыстырмалы-кұқықтық талдау жүргізілген. Континенттік Еуропа мен англо-саксон құқықтық жүйелеріндегі (Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың практикасы) нормативтік реттеу мен сот тәжірибесінің ерекшеліктері қарастырылған. Автор моральдық зиянды бағалау тәсілдеріндегі негізгі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындап, өтемақы мөлшерін белгілеу кезінде шамаластық, орындылық және әділеттілік критерийлерін талдаған. Қазақстан Республикасының сот тәжірибесіне жүргізілген талдау негізінде бірыңғай әдістемелік нұсқаулықтардың болмауы және соттардың кең қалауы сияқты мәселелер анықталған. Ұсыныс ретінде автор шетелдік модельдердің кейбір элементтерін енгізуді ұсынады: моральдық зиян өтемақысының мөлшерін айқындау үшін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) еселенген шамалары түрінде кестелік жүйе енгізу; белгіленген аралықтардан ауытқуларды міндетті түрде дәлелдеу нормасын бекіту; моральдық зиянды өтеу туралы сот шешімдерінің ұлттық тізілімін құру. Аталған шараларды іске асыру сот тәжірибесінің бірізділігін, шешімдердің ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сот билігіне деген сенімін арттыруға және моральдық зиянды отеу институтын адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.