Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктері және оларды әлеуметтік-экономикалық қайта кіріктіру жолдары: Өзбекстан тәжірибесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47344/9fyypw72

Кілт сөздер:

әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, CEDAW, қорғау нұсқамасы, экономикалық зорлық-зомбылық, гендерлік теңдік

Аңдатпа

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан және гендерлік кемсітушіліктен құқықтық қорғау – қазіргі заманғы мемлекет алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі. Өзбекстан Республикасында бұл міндет конституциялық басымдық сипатқа ие болды: 2019 жылы қабылданған екі арнайы заң, сондай ақ 2023 жылғы сәуірде тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауаптылыққа енгізу елдің нормативтік-құқықтық жүйесін сапалық тұрғыдан өзгертті. Сонымен қатар, қолданыстағы құқық қолдану тәжірибесі заң нормалары мен жәбірленушілердің нақты қорғалуы арасындағы алшақтықтың әлі де елеулі екенін көрсетеді. Осы мақалада зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық құқықтық негіздері, ең алдымен CEDAW және оның Комитетінің қадағалау тетігі; Өзбекстанның 2019–2025 жылдардағы ұлттық заңнамалық реформалары; Қазақстан мен Қырғызстанның салыстырмалы тәжірибесі; жәбірленушілердің экономикалық және әлеуметтік интеграциясына бағытталған мемлекеттік саясат; сондай-ақ қайта интеграциялау үдерісіндегі кедергілер мен оларды еңсеру жолдары жүйелі түрде қарастырылады. Зерттеуде «Ишга марҳамат» моноорталықтары мен «Әйелдер дәптері» бағдарламасына ерекше назар аударылады, өйткені олар зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдердің экономикалық дербестігін қалпына келтіру және әлеуметтік қадір-қасиетін нығайтудағы негізгі мемлекеттік құралдар болып табылады. Зерттеу қорытындысы 2019–2023 жылдардағы заңнамалық өзгерістердің құрылымдық сипатқа ие екенін көрсетеді. Дегенмен, гендерлік  зорлық-зомбылық деңгейін тұрақты түрде төмендету тек құқық нормаларын дәйекті қолдану, қолжетімді психологиялық көмек, кең ауқымды құқықтық ағарту және социомәдени ұстанымдарды мақсатты түрде трансформациялау жағдайында ғана мүмкін болады. 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles