Әлеуметтік желілердегі авторлық құқық: Қазақстан Республикасындағы сандық мазмұнды қорғау мәселелері және заңнаманы дамыту перспективалары

Авторлар

  • Жансая Тансыкбаева «METAZONE» ЖШС Author

DOI:

https://doi.org/10.47344/tx3hxg31

Кілт сөздер:

авторлық құқық, әлеуметтік медиа, сандық контент, пайдаланушының мінез-құлқы, құқықтық хабардарлық, платформаны реттеу

Аңдатпа

Әлеуметтік желілердің дамуы цифрлық контентті жасау мен тарату тәсілдерін өзгертіп, авторлық құқық саласында жаңа мәселелердің пайда болуына ықпал етті. Цифрлық ортада пайдаланушылар бір мезгілде контент жасаушы, таратушы және тұтынушы ретінде әрекет етеді, ал авторлық құқықты қорғау тек ұлттық заңнамаға ғана емес, платформалардың ішкі ережелеріне де тәуелді болады. Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік желілерде авторлық құқықты қорғау мәселелерін құқықтық нормалар, платформалық реттеу және пайдаланушылардың мінез-құлқы тұрғысынан талдау. Зерттеуде ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстырмалы-құқықтық талдау және сипаттамалық статистика әдістері қолданылды. Эмпирикалық бөлім әлеуметтік желі қолданушылары арасында жүргізілген онлайн-сауалнама нәтижелеріне негізделді. Нәтижелер цифрлық ортада авторлық құқықтың формалды талаптары мен пайдаланушылардың нақты әрекеттері арасында айтарлықтай алшақтық бар екенін көрсетті. Пайдаланушылардың көпшілігі өзге тұлғалардың контентін пайдаланудың құқықтық салдарын толық түсінбейді және көбіне платформалардың ішкі құралдарына сүйенеді. Terms of Service, Community Guidelines және алгоритмдік модерация тетіктерінің рөлі күшейіп келеді. Зерттеу Қазақстанда авторлық құқықты қорғауды жетілдіру үшін заңнаманы жаңартумен қатар, пайдаланушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және цифрлық платформалардың рөлін нақтылау қажеттігін көрсетеді. 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles