Германия және Қазақстан заңнамасындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік: салыстырмалы талдау

Авторлар

  • Марат Естемиров SDU University Author
  • Таня Галандер GvW Graf von Westphalen заң фирмасы Author
  • Светлана Зеппельт GvW Graf von Westphalen заң фирмасы Author
  • Нилс Бауманн 3GvW Graf von Westphalen заң фирмасы Author
  • Анна Рихтер Heuking заң фирмасы Author

DOI:

https://doi.org/10.47344/fgk51214

Кілт сөздер:

жауапкершілігі шектеулі серіктестік, мемлекеттік тіркеу, жарғылық капитал, құрылтай құжаттары, таза табыс, үлесті сатып алудағы артықшылық құқық

Аңдатпа

Мақалада жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әралуан қырларының Германия және Қазақстан заңнамалары тарапынан реттелуі талданады. Атап айтқанда жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тіркелуі, құрылтай құжаттары, жарғылық капиталы, таза табысты бөлуі, үлесті сатып алудағы артықшылық құқығы сауалдарының құқықтық реттелуі талданған. Заңды тұлғаларды соның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мемлекеттік тіркелуіне қатысты мәселелерге назар аударылады. Қазақстанда заңды тұлғаны тіркеу түріне, нысанына және шағын, орта не ірі кәсіпкерліктің қайсысына жататындығына қарай талаптар әралуан болып келеді. Мысалы, коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеуді әділет органдары жүргізсе, ал коммерциялық ұйымдар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында тіркеледі. Бұдан тыс жарғылық капиталдың құрылуы сауалдарына көңіл бөлінген. Жарғылық капиталдың сақталынуына қатысты талаптардың қазақстандық заңнамадағы әлсіздігіне назар аударылады.  Неміс заңнамасы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қойылар талаптар, таза табысты бөлу тәртібі және қатысушы үлесін сатып алудағы артықшылық құқық сауалдарының құқықтық реттелуіне назар аударылған.  

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles