ЖИ-ді оқыту деректерін лицензиялаудың дамуы: әділ пайдалану меннарықтық зиянды қайта бағалау
DOI:
https://doi.org/10.47344/bbzgtm81Кілт сөздер:
ЖИ оқыту, авторлық құқық, әділ пайдалану, нарықтық зиян, лицензиялауАңдатпа
Генеративті жасанды интеллект (ЖИ) жүйелерін оқыту үшін авторлық құқықпен қорғалатын туындыларды рұқсатсыз пайдалану – қазіргі авторлық құқықтағы ең даулы мәселелердің бірі. Соттар мен ғалымдар әділ пайдаланудың төртінші факторын деректерді жинау, модельді оқыту және коммерциялық енгізу кезеңдерін қамтитын процеске қалай қолдану керектігі туралы бірыңғай пікірге келе алмай отыр. Мақалада оқыту деректерін лицензиялау нарықтары қалыптасқан сайын әділ пайдаланудың төртінші факторы шеңберінде нарыққа келетін зиянды бағалау қалай құрылымдалуы тиіс екені және мұны машиналық оқылатын опт-аут ережесін қабылдаған Қазақстан үшін не білдіретіні зерттеледі. АҚШ пен ЕО авторлық құқығына доктриналық талдау, салыстырмалықұқықтық әдіс және үш ғылыми ұстанымның сыни синтезін қолдана отырып, мақала соңғы алты сот шешімін, оның ішінде Andy Warhol Foundation v. Goldsmith, Kadrey v. Meta және Thomson Reuters v. ROSS Intelligence істерін, нақты немен шешілгені тұрғысынан қайта талдайды. Талдау көрсеткендей, қолданыстағы тәсілдер доктриналық тұрғыдан ерекшеленетін екі кезеңдегі пайдалануға бірыңғай стандарт қолданады. Cондықтан мақала кезеңдік модельді ұсынады: оқыту процесінің бастапқы кезеңіне қатысты неғұрлым икемді бағалау стандартын, ал коммерциялық енгізу кезеңінде
қолданылатын қатаңырақ тексеру стандарттарымен ұштастырады, әрі бұл модель ұжымдық лицензиялау мен ашықтық міндеттемелерімен толықтырылады. Осы модельді Қазақстанға қолдана отырып, мақала Қазақстан Республикасының «Жасанды Интеллект туралы» Заңының 23-бабының 5-тармағында көзделген машиналық оқылатын опт-аут ережесін бағалайды және қолданыстағы ұжымдық басқару инфрақұрылымына негізделген институционалдық жүйе ұсынады.