Ерік ақауы бар мәмілелердің жарамсыздығы
DOI:
https://doi.org/10.47344/84mt9c19Кілт сөздер:
мәмілелердің жарамсыздығы; ерік ақауы; қорқыту; құқыққа сай қорқыту; кіріптар мәміле; дауланатын мәмілелер.Аңдатпа
Бұл мақала Қазақстан азаматтық құқығындағы практикалық тұрғыдан аса маңызды, сонымен бірге жеткілікті деңгейде зерттелмеген бағыттардың бірі — ерік ақауы негізінде жасалған мәмілелердің жарамсыздығы институтын зерттеуге арналған. Жұмыста Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 159- бабының 9-тармағында көзделген ерік ақауларының негізгі түрлері — алдау, күш қолдану, қорқыту және кіріптар мәмелелер жағдайлар талданады. Ерекше назар мәмілені құқыққа сай қатер төндіру негізінде жарамсыз деп тану мәселесіне аударылады, яғни өзі заңсыз болып табылмайтын әрекеттерді жасау қаупімен байланысты жағдайлар қарастырылады. Дәл осы мәселе қазақстандық құқықтық доктринада да, сот тәжірибесінде де ең аз зерттелген бағыттардың бірі болып табылады. Қолданыстағы заңнама нормаларын, доктриналық дереккөздерді және сот тәжірибесінің материалдарын талдау негізінде мақалада рұқсат етілетін келіссөз қысымы мен адал емес қорқытудың аражігін ажырату критерийлері ұсынылады. Сонымен қатар, осы саладағы нормативтік реттеуді және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар тұжырымдалады. Зерттеу нәтижелері заңгерлер, судьялар және азаматтық айналым қатысушылары үшін практикалық маңызға ие.