Филипп С. Джессап халықаралық құқық бойынша мут корт жарысының құқықтық білім беру жүйесіндегі әсері: Болашақ заңгерлерді қалыптастырудағы рөлі
DOI:
https://doi.org/10.47344/1basaq23Кілт сөздер:
құқықтық білім, халықаралық құқық, ауызша адвокатура, даулы сот жарыстары, сыни тұрғыдан ойлау, көпшілік алдында сөйлеуАңдатпа
Филипп Джессап атындағы халықаралық құқық мут корт жарысы заң факультеті студенттерінің білім жолында маңызды рөл атқарады, себебі ол теориялық білімді жетілдіріп қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мақаланың негізгі мақсаты - Джессоптың сыни тұрғыдан ойлауды және ауызша адвокатураны дамыту тұрғысынан болашақ адвокаттар мен заңгерлерге көрсеткен әсерін көрсету. Әдістеме жарыс қатысушылары өткен сауалнама негізінде жазылған. Бұл сауалнамаға сүйенер болсақ, Джессоп жарысы қатысушыларының академиялық өміріне, мансап жолына, сондай-ақ жеке көзқарастарына оң әсер көрсеткен екен. Сонымен қатар, онда "Халықаралық Құқықтағы Құқықтық Жазу және Ауызша Адвокатура" сияқты курстардың студенттердің халықаралық заңгерлерге қойылатын жаһандық талаптарға сай болуы үшін Қазақстан университеттерінің оқу жоспарына енгізілу мәселесі қозғалған. Нәтижелер кәсіби және академиялық өміріне оң әсер еткен аймақтық және халықаралық турларға қатысушылардың нақты пайызын көрсетеді. Бұл мақалада Джессоп конкурсы қатысушыларға пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар құқықтық теория мен практика арасындағы алшақтықты жоюда маңызды рөл атқару арқылы,
Қазақстандағы және дүниедегі құқықтық білімнің дамуына ықпал етеді.