Қылмыстық істер бойынша сот сарапшыларының қорытындылары -дәлелдеме ретінде

Авторлар

  • Айгуль Маликова SDU University Author
  • Мурат Досанов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Author

DOI:

https://doi.org/10.47344/b2kscs48

Кілт сөздер:

сот, қылмыстық құқық бұзушылық, сот сараптамасы, дәлелдемелерді бағалау, дәлелдемелердің жол берілетіндігі, әділдік

Аңдатпа

Осы ғылыми мақалада қылмыстық істер бойынша дәлелдеме ретінде пайдаланылатын сот сарапшыларының қорытындыларын зерттеу және оларды сот тарапынан бағалаудың негізгі қырлары 
талданады. Сарапшы қорытындыларының құқықтық мәртебесін, олардың жол берілетіндігі мен дәлдігінің өлшемдерін айқындайтын Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде 
бекітілген құқықтық негіздер қарастырылады.
Ерекше назар кісі өлтіру, жыныстық қол сұқпаушылыққа қарсы қылмыстар, есірткі заттарының заңсыз айналымы және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау барысында сот-медициналық, биологиялық, химиялық, бейнетехникалық сараптамалар қорытындыларын бағалау тәжірибесіне аударылады. Мақалада сарапшы қорытындысының іс бойынша мән-жайларды анықтауда маңызды рөл атқаратыны, алайда сот оның ғылыми негізділігін, зерттеудің толықтығын және іс жүргізу нормаларына сәйкестігін тексеруге міндетті екендігі ерекше атап өтіледі.
Қазақстандық және шетелдік тәжірибені талдау негізінде автор сот-сараптамалық қызметті одан әрі жетілдіру, сарапшылардың біліктілігін арттыру, жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу қажеттігі туралы қорытындылар жасайды. Сондай-ақ сот сараптамасының ұйымдастырушылық құқықтық негіздерін күшейту және оның тәуелсіздігін арттыру ұсынылады, бұл өз кезегінде неғұрлым әділ әрі объективті сот төрелігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles