Қазақстан Республикасындағы қашықтан жұмыс жағдайында тәртіптікжауапкершілікті қолдану институтын талдау
DOI:
https://doi.org/10.47344/kvc2cs84Кілт сөздер:
Еңбек кодексі, қашықтан жұмыс, тәртіптік жауапкершілік, цифрлық бақылау, себепсіз жұмыста болмау.Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы қашықтан жұмыс жағдайында тәртіптік жауапкершілікті қолдану институтының құқықтық мәселелері кешенді түрде зерттелді. Зерттеудің өзектілігі 2024 жылы Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтіндер санының 46,7 мың адамға жетіп, жылдан жылға 18,6%- ға өсіп отыруымен, сондай- ақ еңбек заңнамасындағы осы форматқа арналған арнайы нормалардың бейімделмеуімен негізделеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қашықтан жұмыс жағдайында тәртіптік жауапкершілік нормаларын қолдануға қаншалықты бейімделген деген зерттеу сұрағы туындайды. Зерттеудің мақсаты- қашықтан жұмыс жағдайында тәртіптік жауапкершілікті қолдану институтының проблемалық тұстарын айқындап, оларды жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау. Зерттеуде формальды- құқықтық, салыстырмалы- құқықтық, доктриналық әдістер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021- 2024 жылдардағы статистикалық деректерін және сот шешімдерін талдау қолданылды. Зерттеу нәтижесінде «себепсіз жұмыста болмау» ұғымының дәстүрлі мазмұнын қашықтан жұмыс форматына бейімдеу қажеттігі, сондай- ақ жеке өмірге қол сұқпаушылық пен цифрлық бақылау арасындағы теңгерімді сақтау қажеттілігі негізделді. Зерттеу нәтижелері Еңбек кодексінің 52 және 22-баптарына толықтырулар енгізу қажеттігін дәлелдейді. Алынған қорытындылар еңбек заңнамасын жетілдіруге және сот тәжірибесін бірыңғайландыруға практикалық
негіз бола алады.