Германия және Қазақстан заңнамасындағы жауапкершілігі шектеулісеріктестік: салыстырмалы талдау

Авторлар

  • Таня Галандер GvW Graf von Westphalen заң компаниясы Author
  • Анастасия Малкова GvW Graf von Westphalen заң компаниясы Author
  • Нилс Бауманн GvW Graf von Westphalen заң компаниясы Author
  • Анна Рихтер Heuking заң фирмасы Author
  • Марат Естемиров SDU University Author

DOI:

https://doi.org/10.47344/z3a2b263

Кілт сөздер:

жауапкершілігі шектеулі серіктестік, үлесті мәжбүрлеп сатып алу, корпоративтік басқару, Қазақстан, Германия, салыстырмалы құқықтану

Аңдатпа

Мақалада жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының үлесін мәжбүрлеп сатып алу институтына салыстырмалы-құқықтық талдау, сондай-ақ Германия мен Қазақстандағы серіктестікті басқару органдарының қызметін құқықтық реттеу жүргізіледі. Зерттеу екі елдегі бұл бағыттағы корпоративтік қатынастарды реттеуде ортақ ұстанымдардың да, жекелеген айырмашылықтардың да бар екендігін көрсетуде. Атап айтқанда үлесті мәжбүрлеп сатып алуға қатысты екі құқықтық жүйеде бағалау құқықтық категорияларын қолданады. Мәселен, неміс заңнамасы қатысушының үлесін мәжбүрлеп сатып алуға "дәлелді себеп" (wichtiger Grund) болған кезде мүмкіндік берсе, ал Қазақстан заңнамасы қатысушы өз міндеттерін бұзған не серіктестікке елеулі зиян келтірген жағдайда үлесті мәжбүрлеп сатып алу мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, осы институтты реттеуде айтарлықтай айырмашылықтар анықталды. Егер Германияда үлесті мәжбүрлеп сатып алудың тәртібі мен негіздері негізінен серіктестік жарғысының ережелерімен және қатысушылардың келісімімен айқындалса, ал Қазақстанда тиісті негіздер мен рәсім едәуір дәрежеде заңнамамен реттеледі. Бұдан тыс мақалада қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру және өткізу, серіктестіктің атқарушы және өзге де органдарының құрылуы мен жұмыс жасау тәртіптеріне қатысты қос елдің заңнамалары талданды. 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Articles